«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің түкпір-түкпірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астана: 19 ақпанда жолдарда көктайғақ болады.
Ақмола облысы: Оңтүстік пен шығыста қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.
Көкшетау: Жолдарда көктайғақ болады.
Алматы облысы: Оңтүстік пен орталықта желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысы: Солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, тау асуларында 23-28 м/с дейін күшейеді.
Шымкент және Түркістан: Түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысы: Тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Таразда да жел күшейеді.
Қызылорда облысы: Солтүстікте көктайғақ, облыс орталығы мен оңтүстігінде тұман.
Ұлытау облысы: Жауын-шашын, кей жерлерде қатты жаңбыр мен қар жауады. Бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Жезқазғанда да осындай ауа райы сақталады.
Қарағанды облысы: Солтүстік жартысында қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға ұласуы), бұрқасын және көктайғақ. Қарағанды қаласында түнде қалың қар жауады.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстары: Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын және көктайғақ. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с. Өскемен мен Семейде де ауа райы күрт нашарлайды.
Маңғыстау облысы: Тұман түседі. Солтүстікте желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Ақтауда түнде және таңертең тұман.
Атырау облысы: Тұман, көктайғақ және 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысы: Күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын. Мұғалжар ауданында жел 23-28 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысы: Жауын-шашын (қар мен жаңбыр), көктайғақ және бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде қалың қар жауады.
Солтүстік Қазақстан: Шығысында желдің екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысы: Оңтүстікте жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ.
Батыс Қазақстан: Күндіз оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр, тұман және көктайғақ.