2026 жылға арналған Алматының нақтыланған бюджеті 2 трлн 806,4 млрд теңге көлемінде бекітілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы қалалық экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихаттың кезектен тыс XLII сессиясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, түзету бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу есебінен жүргізілген. Бұл қосымша жобалар жалпы бюджет көлемін арттырмай-ақ қаржыландырылатынын білдіреді.
Қаражат қаланың даму басымдықтарын ескере отырып қайта бөлінген.