Қазақстанның Көлік министрлігі ақылы автожолдармен жүру үшін сараланған (дифференциалды) төлем енгізу туралы бұйрық жобасын көпшілік талқылауына шығарды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ведомство бұл бастамасын басқа елдерден келетін транзиттік жүк көліктерінің әсерінен жолдарға түсетін жүктеменің артуына байланысты, оларды күтіп ұстау және қалпына келтіру шығындарын өтеу қажеттілігімен негіздеп отыр.
Бұл ретте, сараланған төлем Қазақстан резиденттеріне, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен келген және ақылы жолдармен жүру үшін төлем қарастырылмаған келісімдері бар мемлекеттердің тасымалдаушыларына қолданылмайды.
Қазақстанның ақылы автожолдарындағы жаңа төлем ережелері 2026 жылдың наурыз айында күшіне енеді деп күтілуде.