Қазақстанның басым бөлігінде аяз күтіледі

Бүгін, 08:11 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Қазақстанның басым өңірлерінде жұма күні аяз күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер өз әсерін сақтайды, жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі, тек республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон жотасымен аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында түнде желдің жылдамдығы секундына 30 метр және одан да жоғары болады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Астанада өзгермелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -8-10.

Алматыда өзгермелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел батыстан шығысқа ауысады 3-8 метр секундына. Ауа температурасы түнде +4+6, күндіз +12+14.

Шымкентте өзгермелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +6+8, күндіз +22+24.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -8-13, түнде -20-25.

Ұлытау облысында таңертең және күндіз орталықта, батыста және солтүстікте жаңбыр аралас қар. Күндіз -3+2, түнде -10-15.

Қарағанды облысында түнде шығыста қар. Күндіз -7-12, түнде -15-20.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр аралас қар. Күндіз 0-5, түнде -4-9.

Атырау облысында да жаңбыр аралас қар. Күндіз және түнде -3+2.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыста жаңбыр аралас қар. Күндіз +6+11, түнде 0+5.

Ақтөбе облысында жаңбыр аралас қар. Күндіз -3+2, түнде -8-13.

Қостанай облысында күндіз батыста және оңтүстікте жаңбыр аралас қар. Күндіз -8-13, түнде -20-25.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -13-18, түнде -20-25.

Павлодар облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -11-16, түнде -20-25.

Абай облысында түнде шығыста, оңтүстікте және орталықта қар. Күндіз -10-15, түнде -12-17.

Шығыс Қазақстан облысында түнде барлық аумақта, күндіз солтүстікте және шығыста қар. Күндіз -10-15, түнде -12-17.

Қызылорда облысында түнде солтүстікте жаңбыр аралас қар, күндіз барлық аумақта жаңбыр. Күндіз +12+17, түнде +1+6.

Түркістан облысында күндіз солтүстікте тауларда жаңбыр. Күндіз +19+24, түнде +5+10.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +16+21, түнде +3+8.

Алматы облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15, түнде +1+6.

Жетісу облысында шығыста тауларда жаңбыр аралас қар. Күндіз +7+12, түнде 0+5.

«Таяу тәулікте оңтүстік пен шығыстың таулы өзендерінде жауын-шашын болжамына байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Жазық өзендерде қысқы межень сақталады», - деп ескертті синоптиктер.

Тэгтер:

ауа райы аяз көктайғақ бұрқасын