"Жаны жәннатта болсын": Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі қайғылы хабарды жеткізді

Бүгін, 09:39 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы, блогер Фариза Алмасқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қайғылы хабар жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Оның жазуынша, әкесінің туған ағасы өмірден өткен. Суыт хабарды түн ішінде алған Фариза Алмасқызы дереу Тараз қаласына жолға шыққанын жеткізді. Ол сапарға балаларын да ертіп барған.

"Аяқ асты түнде суыт хабар келіп, Таразға жеттік... Әкемнің туған ағасы өмірден озды. Жаны жәннатта болсын! Балалар қасымда", – деп жазды ол.

Тэгтер:

қайғылы хабар Фариза Алмасқызы