Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің жетекшісі ұсталды

Бүгін, 13:16 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкек қаласы бойынша 6-басқармасының жетекшісі ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Грудак" лақап атымен белгілі қызметкерді әскери прокуратура қамауға алған.

Бішкектің Первомай аудандық соты А.Т.-ны 15 сәуірге дейін уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім шығарды. Тергеу материалдары негізінде оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалғаны белгілі болды. Басылым мәліметінше, ол "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша күдікке ілінген.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары басқарма құрылымындағы ықтимал жемқорлық әрекеттерге қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтауда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан БАҚ-тары Шу облысы бойынша ҰҚМК-нің тергеушісінің де ұсталғанын хабарлаған еді. "Вазелин" лақап атымен танылған ол Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК басқармасының бұрынғы басшысы, бұған дейін қамауға алынған Эльдар Жақыпбековке жақын адам ретінде сипатталады.

Тэгтер:

Қырғызстан ҰҚМК Грудак