Михаил Шайдоров пен оның командасын дайындауға 263 миллион теңге жұмсалды – Спорт министрлігі

Бүгін, 09:54 / Қайсар Қалам
Сурет: Сали Сабиров (ҚР ҰОК).

Спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Шайдоровты дайындауға кеткен шығындарды жариялады. Қаражат оқу-жаттығу жиындарына, мамандардың жалақысына және халықаралық жарыстарға қатысуға жұмсалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрліктің мәліметінше, Олимпиадаға дайындық кешенді жоспар бойынша құрылған. Қаржыландыру Қазақстандағы және шетелдегі оқу-жаттығу жиындарын, старттарға қатысуды, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбекақысын, медициналық және ғылыми сүйемелдеуді, экипировканы, бағдарламаларды қоюды және психологиялық қолдауды қамтиды. Тек 2025 жылдың өзінде Шайдоров пен оның жаттықтырушылар штабына 263,3 млн теңге бағытталды.

Спортшының өзіне және оның 19 оқу-жаттығу жиынына (сегізі Қазақстанда, 11-і шетелде) 47 млн теңге бөлінді;

5 халықаралық жарысқа қатысу үшін тағы 16 млн теңге жұмсалды.

Шайдоровтың бір жылдық жалақысы 33,9 млн теңгені құрады.

Тэгтер:

министрлік спорт Михаил Шайдоров Спорт минисрлігі