"Ақбаянның өзі қарсы болған жоқ": Атыраудағы трагедияға күдіктінің анасы сұхбат берді (ВИДЕО)

Бүгін, 11:32 / Arasha.kz
politico.kz коллажы

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы келінінің денсаулығына қатысты жаңа мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Марқұм ерлі-зайыптылардың кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның енесі құқық қорғау органдары кей жайттарды дұрыс түсінбей, ақпаратты бұрмалап отыр деген пікір білдірді.

Журналист Руслан Өтепбайдың "Келіннің шашын не себепті тықырлап алдыңыздар?" деген сұрағына ол былай жауап берген:

"Келіннің үсті-басына жара түсіп кетті. Биттеп кетті. Сосын, амал жоқ, тықырлап алып тастадық. Өзім рұқсат бердім. "Сұлтан, шашын алып таста! Түнімен басын қасып, жара қылды. Жаймасының бәрі жараның қабығынан көрінбейді. Балаларға жұғып жүрер. Масқара боламыз" дедім. Сұлтан қия алмады. Қанша дегенмен жақсы көреді ғой. Сүйіп қосылған келіншегі. Алып тасташы. Жаз ғой. Душ бар. Ақбаян өзі қарсы болған жоқ. Қайта, рахаттанып қалды. Жудым басын аппақ қылып. Қан құйылғаннан реакция беріп тұрған ғой. Содан жара шыққан. Оны полиция басқаша түсінді. "Неге алдыңыз шашын?  Олай ала ма?" деп, басқаша оймен айтады. "Күйеуінен таяқ жеп, шашын алып тастаған" деп ойлайды. Арасы жақсы болды олардың. Кикілжің болған жоқ", – деді күдіктінің анасы.

Тэгтер:

журналист Атырау облысы Руслан Өтепбай жоғалған отбасы