Путин мен Зеленский жақын арада кездесуі мүмкін

Бүгін, 12:50 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Путин мен Зеленскийдің кездесуі алдағы үш апта ішінде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Уиткофф Fox News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президентінің келіссөздерге жеке өзі қатысуы мүмкін екенін айтты.

«Біз Джаредпен [Кушнер] бірге оптимистік көңіл-күйдеміз және біз ұсынған бастамалар алдағы үш апта ішінде тараптардың ұстанымдарын жақындатуға көмектеседі деп үміттенеміз. Тіпті, бұл Зеленский мен президент Путин арасындағы саммитке алып келуі де мүмкін», - деді Уиткофф Fox News-ке берген сұхбатында.

Арнайы өкіл американдық тарап Ресей мен Украина көшбасшылары арасындағы диалог үшін жағдай жасау бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Тэгтер:

Путин АҚШ Зеленский