Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы реванштың уақыты жарияланды

Бүгін, 13:27 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Атақты боксшы  америкалық Флойд Мейвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо арасындағы қарымта кездесу 19 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты The Ring басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, жекпе-жек туралы Netflix ресми түрде жариялаған.

Батыс БАҚ-тары Мейвезер мен Пакьяо өкілдері кездесу өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын жазған болатын. Ал өткен аптада 49 жасқа толған Мейвезер кәсіпқой боксқа қайта оралатынын мәлімдеді.

"Мен Мэннимен бір рет жұдырықтасып, оны жеңгенмін. Бұл жолы да нәтиже солай болады", — деді Мейвезер Netflix анонсында.

Пакьяо рингке 19 шілдеде Лас-Вегаста оралып, жартылай орта салмақтағы WBC чемпионы титулы үшін Марио Барриосты жекпе-жекке шақырған еді. Олардың 12 раундтық кездесуі төрешілердің көпшілік шешімімен тең аяқталды.

47 жастағы Пакьяо, сондай-ақ 18 сәуірде Лас-Вегаста Руслан Проводниковқа қарсы көрсетілімдік жекпе-жек өткізеді.

"Біз Флойдпен әлемге бокс тарихындағы ең ірі жекпе-жекті сыйладық. Жанкүйерлер ұзақ күтті  олар бұл реваншқа лайықты, енді ол бұрынғыдан да ауқымды болады, өйткені Netflix арқылы бүкіл әлемге тікелей эфирде көрсетіледі.

Мен Флойдтың кәсіпқой мансабындағы жалғыз жеңілісімен өмір сүргенін және оны кімнен тапқанын әрдайым есте сақтағанын қалаймын. Әдеттегідей, мен бұл жекпе-жекті бүкіл әлемдегі отандастарым  филиппиндіктерге және Филиппин елін ұлықтауға арнаймын", - деді Пакьяо.

Айта кетейік, Мейвезер мен Пакьяо арасындағы реванш олардың алғашқы кездесуінен кейін 11 жылдан астам уақыт өткенде ұйымдастырылып отыр. Алғашқы жекпе-жек бокс тарихындағы ең табысты кездесу болып қала береді  ол 600 миллион доллардан астам табыс әкелген еді. Жартылай орта салмақтағы титул үшін өткен сол бір көптен күткен бәсеке рекордтық 4,4 миллион ақылы трансляция жинап, кассалық түсім 72 миллион доллардан асқан болатын.

Тэгтер:

бокс Мэнни Пакьяо Флойд Мейвезер