"Аллаға мың шүкірлер": Әнші Мақпал Жүнісова асыға күткен қуанышты жаңалығын бөлісті (ФОТО)

Бүгін, 14:46 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Мақпал Жүнісова жанкүйерлерімен қуанышты хабарын бөлісті. Қазақстанның Халық әртісі әлеуметтік желідегі парақшасында 8 наурыз күні өтетін жеке концертіне билеттердің толықтай сатылып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әншінің айтуынша, Алматыдағы Республика сарайы сахнасында өтетін екі бірдей концертке де көрермендер тарапынан жоғары сұраныс болған.

"Аллаға мың шүкірлер, 8 наурыздағы екі концертке де билеттер өтіп кетіпті. Жанкүйерлеріме көп рақмет. Амандықта кездесейік, құрметті ағайын!" – деп жазды өнер иесі.

Бұл жаңалықты естіген тыңдармандар әлеуметтік желіде құттықтау тілектерін жаудырып, концертті асыға күтетіндерін білдіруде.

Тэгтер:

концерт мақпал жүнісова әнші