«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жаңбыр мен қар жауатынын хабарлады.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республиканың орталығы мен оңтүстік-шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстік өңірлерінде атмосфералық фронталды бөліністердің әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын болып, кей уақытта қатты жауады, көктайғақ, боран болжанады. Республика бойынша тұман күтіледі, орталықта, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте жел 15-20 метр секундқа дейін, кей уақытта екпіні 25-28 метр секундқа дейін күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -40 градус қатты аяз күтіледі», - делінген хабарламада.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -17-19.
Алматыда бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Жел батыстан 3-8, кей уақытта екпіні 15 метр секунд. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз 0+2.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +7+9.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -15-20, түнде -22-27.
Ұлытау облысында түнде оңтүстігінде қар, күндіз оңтүстігінде жаңбыр мен қар. Күндіз -8-13, түнде -10-15.
Қарағанды облысында оңтүстігінде қар. Күндіз -15-20, түнде -20-25.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -5-10, түнде -15-20.
Атырау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз 0+5, түнде -7-12.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр. Күндіз +2+7, түнде -4+1.
Ақтөбе облысында түнде оңтүстігінде қар. Күндіз -5-10, түнде -12-17.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -15-20, түнде -25-30.
Солтүстік Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -20-25, түнде -25-30.
Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз -23-28, түнде -33-38.
Абай облысында да жауын-шашын күтілмейді. Күндіз -18-23, түнде -30-35.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -20-25, түнде -30-35.
Қызылорда облысында жаңбыр мен қар. Күндіз және түнде -3-8.
Түркістан облысында да жаңбыр мен қар. Күндіз +4+9, түнде 0+5.
Жамбыл облысында тауларда қар, түнде жаңбыр мен қар, күндіз оңтүстік-батысында және шығысында жаңбыр. Күндіз +4+9, түнде -2+3.
Алматы облысында түнде солтүстігінде қар, күндіз жаңбыр мен қар, тауларда қар. Күндіз және түнде -3+2.
Жетісу облысында тауларда қар, күндіз бүкіл аумақта жаңбыр мен қар. Күндіз -1+4, түнде -5-10.
«Алдағы тәулікте оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде жауын-шашын болжамына байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Жазық өзендерде қысқы межень сақталады», - деп ескертті синоптиктер.