Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары «қашықтықтан оқытуға» көшірілді

Бүгін, 11:16 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметі.

«Ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты 2026 жылғы 26 ақпанда екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», - делінген елордалық білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығынан Астанада бірнеше күн қатарынан бірінші ауысымдағы мектеп оқушыларының басым бөлігі де қашықтықтан оқып жатыр.
 

Тэгтер:

оқушы мектеп аяз онлайн