176 шетелдік Қазақстаннан босқын мәртебесін сұраған

Бүгін, 11:43 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Қазақстанда босқын мәртебесін алуға 176 адам өтініш білдірді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Informburo.kz сауалына берген жауабында мәлімдеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

1 қаңтардағы мәлімет бойынша, республикада 304 шетелдіктің осындай мәртебесі бар. Тағы 176 адам өтініш берген, қазір оларды жергілікті атқарушы органдар қарастырып жатыр.

Босқын мәртебесін төмендегі белгілері бойынша қудалау құрбаны болудан негізді қауіптенетін шетелдіктер ала алады:

Олар өз азаматтығы бар елден тыс жерде болуы тиіс және қауіптенуіне байланысты өз елінің қорғауын пайдалана алмауы немесе пайдаланғысы келмеуі керек. Сондай-ақ, тұрақты тұратын елінің аумағында емес және қауіптенуіне байланысты ол жаққа оралғысы келмейтін немесе орала алмайтын азаматтығы жоқ адам да босқын бола алады.

«Босқын мәртебесін алу үшін пана іздеген адам жазбаша өтініш беріп, өзінің жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттарды қоса тіркейді. Егер ол құжаттарының жоқтығын мәлімдесе, мәліметтер оның айтуы бойынша жазылады. Қудалау құрбаны болу жағдайларының туындауы өтініш беруге негіз болып табылады», – делінген хабарламада.

Заңға сәйкес, босқын мәртебесін беруден мынадай себептермен бас тартылуы мүмкін:

Сонымен қатар, Қазақстан пана іздеген адамдар мен босқындарды олардың өміріне немесе бостандығына қауіп төнетін елдің шекарасына қайтара алмайды немесе мәжбүрлеп шығара алмайды.
 

Тэгтер:

бұұ босқын шетелдік