Астанада 400-ден астам отбасын алдаған құрылыс компанияларының ісі сотқа жолданды

Бүгін, 14:50 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Елорда прокуратурасы «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерінің құрылысына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер тобы тиісті рұқсатсыз үлескерлердің ақшасын заңсыз жинап, 426 отбасыға 8,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген.

Анықталғандай, жиналған қаражат мақсатты түрде жұмсалмай, нысандардың құрылысы тоқтап қалған. Қазіргі уақытта іс бойынша 12 күдікті қамауға алынды. 

Шығынды өтеу үшін олардың мүлкіне (10 пәтер, 36 жер учаскесі, 16 коммерциялық нысан және 49 автокөлік) тыйым салынды.

Прокуратура азаматтарды тұрғын үй сатып алмас бұрын құрылыс салушының үлескерлерден ақша жинауға рұқсаты бар-жоғын міндетті түрде тексеруді сұрайды.
 

Тэгтер:

прокуратура құрылыс үлескер