Зеленский Украина Қауіпсіздік қызметкерлерінің ұсталғанын айтты

Бүгін, 15:31 / Қайсар Қалам
Сурет: Heinz-Peter Bader

Владимир Зеленский Украина Қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) қызметкерлерінің арасында ұстау шаралары жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бүгін тиісті ұстау шаралары өтті. Енді әділ үкімдердің шығарылуы өте маңызды», — деді ол Telegram-арнасындағы бейнеүндеуінде. Алайда президент күдіктілердің есімдерін немесе оларға қандай баптар бойынша айып тағылғанын нақтыламады.

Оның алдында украиналық «Инсайдер» басылымы Украина Қарулы күштері Әскери-әуе күштерінің логистика қолбасшысы мен УҚҚ-ның Житомир облысы бойынша басқарма бастығының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, олар әуежайларға арналған қорғаныс құрылыстарын салу кезінде 320 мың доллар көлемінде қаражат жымқырды деп айыпталуда.
 

Тэгтер:

украина жемқорлық Зеленский