Азық-түлік инфляциясына валюта бағамдарының құбылуы, шикізат тауарларының бағасы, саудадағы іркілістер және ішкі ұсыныстың жағдайы әсер етеді. Валюта девальвациясын бастан кешіріп жатқан немесе экономикалық тұрақсыздығы жалғасып жатқан елдерде, әдетте, азық-түлік өнімдері бағасының неғұрлым күрт өсуі байқалады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Чёрный лебедь, рак и щука» телеграм арнасының жазуынша, әлемдік орташа көрсеткіш 3,2% болған тұста, тізімді 55,9% болжамды баға өсімімен Иран бастап тұр. Аргентина (33,2%) мен Түркия (25,1%) сәйкесінше екінші және үшінші орындарда, бұл екі елде де көпжылдық инфляциялық тенденцияның сақталып отырғанын көрсетеді.
Болжамды баға өсімі ең жоғары елдердің қатарына Малави, Нигерия, Ангола, Замбия және Эфиопия кіреді, бұл аталған аймақтағы азық-түлік осалдығының сақталуын айқындайды.
Азық-түлік бағасы бүкіл әлемдегі үй шаруашылықтарына қысым түсіретін ең тұрақты факторлардың бірі болып қала береді. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) жаңа болжамдарына сәйкес, 2026 жылы азық-түлік шығындары кейбір елдерде күрт өседі, ал басқаларында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалады.
Иран — 55,9%
Аргентина — 33,2%
Түркия — 25,1%
Гаити — 24,1%
Малави — 21,2%
Нигерия — 17,1%
Ливан — 14,9%
Ангола — 14,8%
Қазақстан — 12,7%
Қырғызстан — 9,4%
Әзербайжан — 6,8%
Өзбекстан — 5,5%
Ресей — 4,6%
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы 13,5%-ға өскен.