432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?

Бүгін, 16:42 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

«Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз. Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады.

Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
 

Тэгтер:

жәрдемақы фейк төлем