Лондонға жасаған сапары аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев британдық әріптесі Иветт Купермен келіссөздер жүргізді. Кездесудің басты мақсаты — екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және экономикалық байланыстарды әртараптандыру, деп хабарлайды Arasha.kz.
Министр Көшербаев «Орталық Азия – Ұлыбритания» форматындағы диалог алаңының маңыздылығын жоғары бағалап, британ тарапына осы бастамасы үшін алғыс айтты. Тараптар 2024 жылы жасалған Стратегиялық серіктестік туралы келісімді іс жүзіне асыру жолдарын қарастырды. Негізгі басымдықтар қатарында сирек кездесетін минералдарды игеру (2026-2027 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде), Транскаспий көлік маршрутын дамыту және цифрландыру мәселелері бар.
Бұдан бөлек, білім беру саласындағы жемісті жұмыс ерекше аталды: Қазақстанда ашылған жетекші британдық жоғары оқу орындарының (Coventry, Cardiff және т.б.) филиалдары екі елдің интеллектуалдық капиталын нығайтуға қызмет етпек.