Женевада АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер аяқталды

Бүгін, 10:15 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Тегеранның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздердің үшінші кезеңі аймақтағы шиеленістің күшеюі жағдайында өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Женевада АҚШ атынан президенттің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысты. Бұған дейінгі кезеңдер айтарлықтай нәтиже бермеген болатын, дегенмен Иран өкілдері ілгерілеушілік бар екенін алға тартқан еді. Кеңестерге делдал болып отырған Оман тарапы да бұл жолғы консультациялардың қорытындысы бойынша оң нәтиже бар екенін мәлімдеді.

«Біз АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердегі маңызды ілгерілеушіліктен кейін күнді қорытындыладық», — деді Оман СІМ басшысы Бадр аль-Бусаиди.

Оның айтуынша, келесі аптада Венада «техникалық деңгейдегі келіссөздер» өтеді.

Келіссөздер жанама форматта, Оманның Женевадағы елшісінің резиденциясында өтті. Кездесу бірнеше сағаттық үзілісті есепке алмағанда, күні бойы жалғасты.

Кездесу аяқталар алдында Axios басылымының тілшісі Барак Равид ақпараттандырылған дереккөзге сілтеме жасап, Уиткофф пен Кушнердің келіссөздердің таңғы сессиясында ирандықтардан естіген жауаптарына көңілдері толмағанын (реніш білдіргенін) хабарлады.

Тэгтер:

Иран АҚШ Женева