АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон жұма күні Өкілдер палатасының Қадағалау комитетінде жабық есік жағдайында сөз сөйлеп, сексуалдық қылмыстары үшін сотталған марқұм қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Клинтон өзінің дайындаған мәлімдемесінде: «Эпштейнмен бірге болған уақытымда күмән тудыратын ешнәрсе көргенім жоқ», - деп атап өтті.
Ол егер қаржыгердің кәмелетке толмағандарды саудалаумен айналысатынын білсе, оның ұшағымен ешқашан ұшпайтынын қадап айтты.
«Біздің бұл жерде отырғанымыздың себебі ол бұл істің бәрін ұзақ уақыт бойы барлығынан жақсы жасырып келді», - деді ол.
Клинтон 2000-жылдардың басында президенттік қызметтен кеткеннен кейін және Эпштейн 2008 жылы сотталғанға дейін оның ұшағымен бірнеше рет ұшқан. Әділет министрлігі жариялаған құжаттарда Клинтонның бет-әлпеті жасырылған әйелдермен түскен фотосуреттері бар.
«Мен ештеңе көрген жоқпын және ешқандай заңсыз әрекет жасаған емеспін», - деп мәлімдеді бұрынғы президент.
Оның түсініктемесінен бір күн бұрын жұбайы, бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон да комиссия алдында жауап берген болатын. Бейсенбі күні ол: «Менің Эпштейнмен кездескенім есімде жоқ және оның қылмыстары туралы айтатындай ештеңем жоқ», — деді.