Алматыда педагогика ардагерлеріне арналған «Алғыс айтар ұрпақ бар» атты салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алғыс айту күніне орай Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналған «Алғыс айтар ұрпақ бар» атты салтанатты концерт ұйымдастырылды. Жас ұрпақты тәрбиелеуге ғұмырын арнаған ұстаздарға тағзым ету мақсатында өткен бұл рухани кеш ұрпақтар сабақтастығы мен терең құрметтің айқын көрінісіне айналды.
Іс-шараға 300-ден астам ардагер-ұстаз қатысып, оларға ерекше құрмет көрсетілді.