2 наурызда еліміздің басым өңірлерінде таңертең және күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын болады деп күтілуде. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алматы облысы: Дүйсенбіде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, орталығында және таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18-23 м/с жетеді.
Алматы мен Қонаев: 2 наурызда кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Қонаевта күндіз желдің екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді.
Жетісу облысы: Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аймақтарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысы: Түнде оңтүстікте және таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстікте жаңбыр, тауларда жауын-шашын болады. Облыс бойынша тұман түседі.
Шымкент пен Түркістан: Шымкентте түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады, таңертең тұман болады. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысы: Облыстың солтүстігі мен орталығында көктайғақ пен тұман болады. Қызылорда қаласында көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысы: Таулы аймақтарда қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Тұман мен көктайғақ күтілуде. Таразда кей уақыттарда тұман мен көктайғақ болады.
Атырау облысы: Дүйсенбіде облыстың оңтүстігінде және Атырау қаласында шаңды дауыл соғады.
Батыс Қазақстан облысы: Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оралда тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы: Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында, сондай-ақ Ақтауда жолдарда көктайғақ болады.
Ақтөбе облысы: Солтүстік пен солтүстік-шығыста аздаған жауын-шашын (негізінен қар) және көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысы: Қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ болады. Қостанай қаласында да қар мен бұрқасын күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысы: Қар мен жаяу бұрқасын болады. Петропавлда да осындай ауа райы күтіледі.
Павлодар облысы: Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Абай облысы: Жарма ауданында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.