Иран Сауд Арабиясының мұнай нысандарын атқылады

Бүгін, 13:01 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Иран Сауд Арабиясының негізгі мұнай нысандарының бірі  Рас-Таннура ауданындағы Saudi Aramco кешеніне соққы берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл елдегі ең ірі мұнай өңдеу және экспорттау торабы. Ол арқылы Азия, Еуропа және АҚШ нарықтарына шығатын мұнайдың қомақты көлемі өтеді.

Reuters агенттігінің ақпараты бойынша, нысан зақымдалған, алайда қираған жерлер, зардап шеккендер және соққының түрі туралы ресми мәлімет әлі жоқ. Бұл тек Сауд Арабиясына ғана емес, сонымен бірге жаһандық мұнай нарығына жасалған соққы болуы мүмкін.

Тэгтер:

Иран мұнай Сауд Арабия соққы