Алаяқтардың жаңа айласы: ЭЦҚ арқылы жасалатын заңсыз схемалар

Бүгін, 14:29 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жекелеген делдалдар мен мобильді құрылғыларды заңсыз сатушылардың азаматтардан электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) және дербес деректерді сұрап, құжаттарды ресімдеу немесе құрылғыларды верификациялау қызметтерін ұсынып жатқаны туралы ақпарат таралуда

ЭЦҚ-ны, құпия сөздерді немесе жеке кабинетке кіру рұқсатын үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынады. Бұл сіздің атыңыздан сіздің хабарыңызсыз құжаттарды ресімдеуге және өзге де алаяқтық әрекеттерге әкеп соғуы мүмкін.

Белгісіз тұлғалар немесе делдалдар мынадай ұсыныстар жасаған жағдайда ерекше сақтық таныту қажет:

Мұндай ұсыныстар заңсыз схемалармен байланысты болуы мүмкін.

Жеке деректерді ұсынуға және растауға қатысты барлық рәсімдерді ресми платформалар арқылы өз бетіңізше орындау ұсынылады. Бұл небәрі бірнеше минут уақытыңызды алады және цифрлық қауіпсіздігіңізге төнетін қатерлердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Жеке деректеріңізге ұқыпты болыңыз және ЭЦҚ-ны ешқашан үшінші тұлғаларға бермеңіз.
 

Тэгтер:

алаяқтық ЭЦҚ смс