Әкімдік қызметкерлері енді азаматтарға айыппұл сала алады

Бүгін, 13:52 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Қазақстанда әкімдік қызметкерлеріне қоғамдық орындарға қоқыс тастаған азаматтарға айыппұл салу құқығы берілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Крыша" порталының хабарлауынша, 2 наурыздан бастап Қазақстанда жаңа норма күшіне енді. Оған сәйкес, барлық қалалар мен облыстардың әкімдік лауазымды тұлғалары қоғамдық орындарды ластағаны үшін қазақстандықтарға өз бетінше айыппұл сала алады. Бұған дейін мұндай құқық тек полицияда ғана болған еді.

Тиісті өзгерістер "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 804-бабының 50-тармақшасына енгізіліп, оған 434-2-бап ("Ортақ пайдалану орындарын ластау") қосылды.

Енді әкімдіктің қай қызметкерлері қоқыс үшін айыппұл салуға құқылы:

Әкімдік қызметкерлері қазақстандықтарға саябақтарда, скверлерде, аулалар мен көшелерде, үй кіреберістерінде және басқа да қоғамдық орындарда қоқыс пен коммуналдық қалдықтар тастағаны үшін айыппұл салады.

Белгіленбеген жерге қоқыс тастағаны үшін қандай айыппұл қарастырылған:

Сарапшылардың түсіндіруінше, әкімдік қызметкерлеріне бұл өкілеттік полицияны тартпай-ақ, шағымдарға тезірек жауап беру үшін берілген. Дегенмен, бұл процедуралар іс жүзінде қалай жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, егер пәтердегі жөндеу жұмыстары көршілерге кедергі келтірсе, қазақстандықтарға ол үшін де айыппұл салынуы мүмкін.

Тэгтер:

қоқыс әкімдік айыппұл