Қаза тапқан екі әйелдің отбасы Шавкат Рахмоновтың әйелін кешірді

Бүгін, 18:00 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Қаза болғандардың бірінің әкесі қайғылы оқиға туралы тек кешке қарай білгендерін айтты. Олардың Алматыдағы үйіне сотталушының туыстары мен қаза тапқан екінші әйелдің анасы келген. Оның айтуынша, олар кешірім сұрап, бірге жылаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Соттың сұрағына жауап бере отырып, ер адам сотталушыны кешіретінін мәлімдеді: «Бұл  жол, ол жерде не болатынын ешкім білмейді».

Екінші жәбірленуші адвокаты арқылы Шавкат Рахмоновтың жұбайына ешқандай талап-арызы жоқ екенін жеткізді. Гүлайым Рахмонованың қазір жүктіліктің жетінші айында екені және бесінші баласын күтіп жүргені белгілі болды.

Сондай-ақ сотта автокөліктің Рахмонованың атына 2024 жылдың қыркүйегінен бастап рәсімделгені анықталды. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, адам өліміне әкеп соққан апатқа дейін бір жыл ішінде сотталушы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 19 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алайда қорғаушы тарап айыппұлдардың бір бөлігі тікелей Рахмоноваға қатысты емес екенін алға тартуда. Сенімхат бойынша көлікті Шавкат Рахмонов пен отбасының басқа да мүшелері тізгіндеген.

Тэгтер:

жол апаты Шавкат Рахмонов Гүлайым Рахмонова