Балаға қол көтерген «Феникс» қызметкері қамауға алынды

Бүгін, 11:00 / Қайсар Қалам
Сурет: Polisia.kz

Алматыдағы ерекше балаларға арналған жекеменшік орталықта үлкен жанжал шыққан болатын. Әлеуметтік желіде қызметкердің балаға қол көтерген видеосы тараған еді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ата-аналар аутизмі бар балаларға күш көрсетілгенін мәлімдеп, бұл туралы блогер әлеуметтік желілерде бөлісті. Ата-аналардың айтуынша, балаларды ұрып-соғып, қорлаған. Біздің журналист анықтағандай, полицейлер қылмыстық іс қозғап, мекемедегі бейнежазбаларды тәркіледі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, «Феникс» орталығының қызметкері (шамасы, жас жаттықтырушы) қамауға алынды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеліп, куәгерлер мен іске қатысы бар басқа да тұлғалардан жауап алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тергеу жұмыстары Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды, деп толықтырды ІІМ.

Тэгтер:

жанжал бала Феникс