Трамп Испаниямен сауда-саттықты толық тоқтататынын мәлімдеді

Бүгін, 12:14 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Трамп Қаржы министріне Испаниямен арадағы барлық мәмілелерді тоқтатуды тапсырды және Американың бұл елмен ешқандай іс жүргізгісі келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дональд Трамптың айтуынша, бұл шешім испан тарапының американдық әскерилерге Иранға соққы беру үшін өз базаларына қолжетімділік беруден бас тартуына байланысты қабылданған.

«Испанияның әрекеттері өте сұмдық болды. Мен, шынымды айтсам, Скоттқа (Бессентке, АҚШ Қаржы министрі — ред. ескертпесі) Испаниямен барлық мәмілелерді тоқтатуды тапсырдым. Сондықтан біз Испаниямен бүкіл сауда-саттықты тоқтатқалы жатырмыз. Біз Испаниямен ешқандай іс жүргізгіміз келмейді», - деді Дональд Трамп.

Сондай-ақ ол қажет болған жағдайда АҚШ-тың Испания аумағында орналасқан әскери базаларын американдық әскери қызметшілерді орналастыру үшін пайдалана алатынын қосып өтті.

Тэгтер:

Трамп сауда-саттық Испания