Иранның әскери кемесі Шри-Ланка жағалауында батып барады

Бүгін, 14:10 / Қайсар Қалам
Сурет: Reuters

Иран Әскери-теңіз күштерінің «IRIS Dena» кемесі Шри-Ланка жағалауында апат туралы белгі берді, деп хабарлады жергілікті билік. Ланка билігінің мәлімдеуінше, елдің Әскери-теңіз және Әскери-әуе күштері батып бара жатқан кемедегі ирандық теңізшілерді құтқаруға жіберілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Виджита Херат парламентте кемеден апат туралы белгі сәрсенбі күні таң ата түскенін хабарлады. Кеме бортында 180 адам болған, оның 30 теңізшісі Шри-Ланканың Галле портындағы ауруханаға жеткізілді. Жарақаттардың сипаты нақтыланбаған.

Иран кемесінің бату себебі белгісіз. Ланка парламенті депутаттарының бірі Сыртқы істер министрлігінің басшысына «IRIS Dena» кемесіне Иранға қарсы АҚШ-Израиль операциясы аясында шабуыл жасалды ма деген сұрақ қойды, бірақ жауап ала алмады.

Иран мен Шри-Ланка арасындағы қашықтық 4 000 шақырымнан асады.

Тэгтер:

Иран кеме Шри-Ланка