Қазақстанның барлық аймағында дауылды ескерту жарияланды

Бүгін, 08:20 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Бейсенбі күні Қазақстанның бүкіл аумағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Көкшетауда таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен қар), жаяу боран, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында түнде батыста және солтүстікте қар жауып, жаяу боран, көктайғақ болады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу боран мен көктайғақ күтіледі. Жел жылдамдығы 15-20 м/с. Павлодарда күндіз жауын-шашын, жаяу боран және көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (негізінен қар), боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с, ал батыста, солтүстікте және оңтүстікте 23-28 м/с дейін күшейеді. Петропавлда жауын-шашын, боран, көктайғақ болып, желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығыста аздаған қар жауып, жаяу боран болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын, жаяу боран, көктайғақ күтіледі. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман болады. Оралда күндіз жауын-шашын, жаяу боран, тұман және көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында солтүстікте, шығыста және оңтүстікте жауын-шашын, боран, көктайғақ болады. Облыстың батысында аздаған қар жауып, жаяу боран соғады. Сондай-ақ тұман күтіледі. Қостанайда жауын-шашын, боран, көктайғақ және тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және күндіз қар жауып, жаяу боран соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.

Абай облысында түнде орталықта, оңтүстікте және шығыста қар жауып, жаяу боран соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел күшейеді.

Ұлытау облысында түнде солтүстік пен батыста қар жауып, жаяу боран болады. Күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ күтіледі. Шығыста және оңтүстікте тұман болады. Жезқазғанда күндіз көктайғақ болады.

Қарағанды облысында батыста, солтүстікте және шығыста қар жауып, жаяу боран соғады, күндіз көктайғақ болады. Шығыста және оңтүстікте тұман түседі. Қарағандыда күндіз қар, жаяу боран және көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысында түнде батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте жаяу боран болады. Батыста және оңтүстікте тұман күтіледі. Ақтөбеде көктайғақ болады.

Атырау облысында батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман, көктайғақ болады. Күндіз батыста және солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Атырауда күндіз көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысында солтүстікте және орталықта тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман мен көктайғақ болады.

Жамбыл облысында кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Таразда кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде оңтүстікте, солтүстікте және орталықта көктайғақ пен тұман болады.

Алматы облысында күндіз оңтүстікте және тау бөктерінде кей уақытта қатты жауын-шашын, таулы аудандарда қалың қар жауады. Тұман мен көктайғақ болады. Желдің екпіні 18-23 м/с, кей уақытта 28 м/с жетеді. Алматыда кей уақытта тұман мен көктайғақ болады. Қонаевта да тұман мен көктайғақ күтіледі. Іле Алатауының таулы аймақтарында кей уақытта қалың қар жауады.

Түркістан облысында түнде және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, оңтүстікте кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда қалың жауын-шашын болып, көктайғақ пен жаяу боран соғады. Тұман түседі. Шымкентте түнде жауын-шашын, күндіз қатты жаңбыр мен тұман күтіледі. Түркістанда кей уақытта тұман болады.

Жетісу облысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Талдықорғанда түнде жолдарда көктайғақ пен тұман болады.

Тэгтер:

қар ауа райы көктайғақ жел