«Америка Израиль үшін соғысқысы келмейді»: АҚШ Сенатындағы атышулы оқиға

Бүгін, 10:42 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

АҚШ Сенатындағы тыңдау кезінде соғысқа қарсы пікір білдірген ардагер-теңіз жаяу әскері залда күшпен шығарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Солтүстік Каролина штатының Сенатына кандидат болып жатқан Брайан Макгиннес жиын кезінде Ирандағы әскери іс-қимылдарға қарсы шықты.

«Бұл соғыстың себепкері Израиль. Америка Израиль үшін соғысқысы келмейді. Ешкім де Израиль үшін соғысқысы келмейді», - деп мәлімдеді теңіз жаяу әскері.

Осыдан кейін полиция ер адамды залдан күштеп алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қолын жарақаттап алған. Әскери адамды «сыртқа шығаруға» қатысқан республикашыл Тим Шихи «жағдайды реттеуге көмектесуді жөн көргенін», ал теңіз жаяу әскері қарсылық көрсеткенін айтты.
 

Тэгтер:

Иран АҚШ соғыс сенат