ІІМ тапсырыс берілген 60 млн теңгелік көліктерге қатысты түсінік берді

Бүгін, 13:39 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтен елордалық полицияға құны 60 млн теңгеге жуық сәнді жол талғамайтын көліктердің не үшін қажет болғаны сұралды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі ақпарат себеп болды. Онда Астана қалалық полиция департаменті үшін премиум-класты үш жол талғамайтын көлік сатып алу туралы деректер пайда болған. Техникалық сипаттамасына сәйкес, әңгіме Chevrolet Tahoe көліктері туралы болуы мүмкін.

Журналистердің сұрағына жауап берген Әділов полиция үшін мобильді және жедел көліктің болуы маңызды екенін, өйткені құқық қорғау органдарының жұмысы материалдық-техникалық жарақтандыруға тікелей байланысты екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, полиция кез келген жағдайға жылдам әрекет етіп, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті тиімді қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, министрдің орынбасары сатып алудың егжей-тегжейін тексеріп, елордалық полиция департаментінен қосымша ақпарат сұрататынын атап өтті.

Тэгтер:

көлік ІІМ 60 млн