Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Мәулен Әшімбаев Иран халқына, сондай-ақ қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына терең көңіл айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Иранның Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукармен кездесу барысында Қазақстанның Иранның жоғарғы рухани көсемі аятолла Сейед Әли Хаменеи, ел басшылығының өкілдері және бейбіт тұрғындар, соның ішінде балалар қаза тапқан қасірет туралы хабарды аса ауыр қабылдағаны атап өтілді. Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының халықаралық қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық құралдармен реттеуді дәйекті түрде қолдайтынын атап өтті.
Сенат Спикері Иран Қазақстанның жақын көршісі әрі серіктесі екенін айтып, еліміздің қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.