Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Бүгін, 08:30 / Қайсар Қалам
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қайғылы оқиға 5 наурызда әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуы салдарынан болды. Келісімшарт бойынша қызмет ететін сарбаз алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Arna Press басылымы хабарлады. Басылымның мәліметінше, әскери қызметшінің қаза болғанын Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі растады.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетілетін болады», - деп хабарлады гарнизонның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Отарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жақ сүйегі мен мұрны сынып, ауыр жарақат алғанын жазған болатынбыз. Осы оқиғадан кейін бөлім қолбасшылығындағы бірнеше тұлға қызметінен босатылды.

Тэгтер:

қаза Абай облысы әскери