8 наурыз қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша әйел тұратыны туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қазіргі уақытта елімізде 10 млн 488 мың әйел тұрады.
Оның ішінде:
29,1% — 15 жасқа дейінгі қыздар;
55,5% — 16-дан 60 жасқа дейінгі әйелдер;
15,4% — 61 жастан асқандар.
Әйелдердің басым бөлігі ірі аймақтарда шоғырланған. Көш басында Алматы қаласы тұр (шамамен 1,2 млн әйел). Одан кейін Түркістан облысы (шамамен 1 млн), Астана (803,5 мың) және Алматы облысы (778,5 мың).
Жас және өмір сүру ұзақтығы:
Әйелдердің орташа жасы — 34,1 жас.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 79,4 жас.
Еңбек нарығы:
Әйелдер жұмыспен қамтылған халықтың 48%-ын құрайды, бұл шамамен 4,4 млн адам. Жалдамалы жұмысшылар арасында олардың үлесі шамамен 50%, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында — 45%.
Әйелдер жиі жұмыс істейтін салалар:
Білім беру — 20%;
Сауда — 19%;
Денсаулық сақтау — 10%.
Сонымен қатар, әйелдер бизнеспен белсенді айналысады: еліміздегі жеке кәсіпкерлердің 50,8%-ы — әйелдер.
Ең көп жұмыс істейтін әйелдер 35–44 жас аралығында — шамамен 1,3 млн адам.