«Барлық жерде ақша талап етеді»: шетелдік Қазақстанда полицейге ақша беріп жатқан сәтін видеоға түсіріп алды

Бүгін, 11:10 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде полицейдің бекеттердің бірінде көлікті тоқтатып, жүргізушінің сыртқа шығуын сұраған видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Одан әрі олардың арасында қысқаша әңгіме болып, соңында жүргізуші қызметкердің қолына ақша ұстата салады. Ер адамның айтуынша, оған мұндай қадамға бірнеше рет баруға тура келген. Ол кеденде де 70 мың теңге төлегенін айтып шағымданды.

Видеоның нақты қай жерде түсірілгені әзірге белгісіз. Желі қолданушылары пікірлерде бұл оқиға Түркістан облысындағы бақылау бекеттерінің бірінде болуы мүмкін екенін жазуда.

Видео авторы Қазақстан жолдарында мұндай жағдайлардың жиі кездесетініне наразылық білдірген.
 

Тэгтер:

полиция көлік шетелдік пара алу