Америкалық әскери тергеушілер 28 ақпанда Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында орналасқан қыздар мектебіне жасалған соққыны АҚШ әскері жасауы мүмкін деген болжамды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Иранның мемлекеттік БАҚ мәліметтері бойынша, зымыран соққысы салдарынан кем дегенде 175 адам қаза тапты, олардың арасында балалар да бар. Алайда тергеу әлі жалғасуда және әзірге нақты қорытынды жоқ, деп хабарлайды Exclusive.kz.
АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет америкалық әскерилердің бұл оқиғаны зерттеп жатқанын растады. Ол АҚШ күштері ешқашан азаматтық нысандарды нысанаға алмайтынын, бірақ қазір мұқият тергеу жүріп жатқанын атап өтті.
Израиль Қорғаныс армиясының өкілі Надав Шошани 28 ақпанда бұл аймақта Израильдің қандай да бір әскери операциялары жүргізілгені туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.
Қазіргі уақытта халықаралық сарапшылар оқиға орнындағы зымыран сынықтарын зерттеп, соққының нақты қайдан келгенін анықтауға тырысуда.