Израиль Ирандағы мұнай нысандарына соққы бере бастады

Бүгін, 13:10 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

ЦАХАЛ 7 наурыз күні кешке Тегерандағы бірнеше мұнай қоймасына соққы жасағанын растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Ирандық террорлық режимнің әскери күштері бұл энергия резервуарларын әскери инфрақұрылымның жұмысын қамтамасыз ету үшін тікелей және жиі пайдаланады. Ирандық террорлық режим осы қоймалар арқылы отынды әртүрлі тұтынушыларға, соның ішінде Ирандағы әскери құрылымдарға таратады»,  - деп мәлімдеді ЦАХАЛ .

8 наурыз күні таңертең CNN тілшісі Тегераннан хабарлағандай, мұнай қоймаларына жасалған соққылардан кейін қала үстінде қою қара бұлттар жиналып, «мұнай жаңбыры» жауған.

«Жаңбыр, жаңбыр суы, шын мәнінде қап-қара, шамасы мұнайға қаныққан».

Қызыл жарты ай қоғамы улы жауын-шашынның түсу мүмкіндігі туралы ескертті:

«Мұнай қоймаларындағы жарылыстар атмосфераға көп мөлшерде улы қосындылардың шығуына әкеп соғады».

Тэгтер:

Иран мұнай Изнаиль