Иран жаңа жоғарғы көшбасшыны таңдады

8 наурыз, 2026 / Arasha.kz
Khamenei.ir. Суретте: Мохаммад-Мехди Мирбагери

Иранның Сарапшылар ассамблеясы елдің жаңа жоғарғы көшбасшысын таңдау бойынша көпшілік келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл туралы ассамблея мүшесі Мохаммад Мехди Мирбагери хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

"Құрметті Сарапшылар ассамблеясының мүшелері көшбасшылық мәселесін анықтау үшін үлкен еңбек етті. Құдайға шүкір, шешуші пікір қалыптасты, ол – көпшіліктің пікірі", – деп келтіреді аятолланың сөзін Mehr агенттігі.

Сонымен қатар Мирбагери жаңа жоғарғы көшбасшыны тағайындау немесе оның есімін жариялау бірден жүзеге аспауы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі жағдайда бұл шешімді дереу іске асыруға кедергі келтіретін бірқатар қиындықтар бар.

"Қазіргі күрделі жағдайда белгілі бір кедергілер бар екенін түсінесіздер. Уақытты жоғалтпауымыз керек, тарихи маңызды қағидаттарды сақтауымыз қажет. Сондықтан барынша сақ әрі жауапкершілікпен әрекет етуіміз керек", – деді ол.

Еске салайық, Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменей 28 ақпан күні АҚШ пен Израиль жүргізген операция кезінде қаза тапқан. Fars агенттігінің мәліметінше, ол Тегерандағы резиденциясындағы жұмыс орнында болған кезде көз жұмған.

Тэгтер:

Иран АҚШ көшбасшы