Иранда жаңа жоғарғы көшбасшыны таңдау мәселесі талқыланып жатқан кезде АҚШ президенті Дональд Трамп бұл тақырыпқа қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, Вашингтонмен санаспай билікке келген кез келген басшының ұзақ уақыт билікте қалуы екіталай.
Трамп бұл туралы ABC News арнасына берген сұхбатында айтты. АҚШ президенті жаңа көшбасшының халықаралық саясаттағы жағдайды ескеріп, АҚШ-пен келісімге келуі маңызды екенін атап өтті.
"Жаңа лидер біздің мақұлдауымызды алуы керек. Егер ол бұған қол жеткізбесе, ұзаққа бармайды. Біз бұл мәселеге әр он жыл сайын қайта оралғымыз келмейді. Әсіресе билікте мен сияқты президент болмаған кезде жағдай қиындауы мүмкін", – деді Трамп.
Сонымен қатар АҚШ президенті жаңа көшбасшы елді тиімді басқара алса, бұрынғы билікпен байланысы бар адам болса да, оны қолдауға дайын екенін аңғартты.