АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы Түркияға, Парсы шығанағы елдеріне, Азияға, Оңтүстік Кавказға және Еуропаға таралуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.
Report хабарлағандай, бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде тіркелген дипломаттарға арналған ауызашар кезінде мәлімдеді.
Ол Түркия бұл қақтығысқа басқа елдердің тартылуына жол бермеу және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын баса айтты.
Оның айтуынша, Иран ұшқышсыз ұшақтарының Әзербайжанға жасаған шабуылдарын Түркия айыптаған: «Біз Иранның аймақтағы басқа елдерге, ең алдымен Әзербайжанға жасаған шабуылдары қателік екенін бірнеше рет айттық».
Түркия президенті АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қазіргі соғыстың салдары бүкіл әлемге әсер ететінін мәлімдеді.