Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап электрлі самокаттарға тіркеу нөмірін тағу міндеттеледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қоса беріліп отырған: 1) Электрлі самокаттарды жалға беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің электрлі самокатқа тіркеу нөмірін есепке алу және беру қағидалары бекітілсін. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Ішкі істер министрлігінің бұйрығында.
Құжатқа сәйкес, электр самокатқа берілген тіркеу нөмірін есепке алу келесі мәліметтерді қамтиды:
- маркасы, моделі және шығарылған жылы;
- сериялық нөмірі;
- пайдалануға берілген және пайдаланудан шығарылған күні;
- техникалық қызмет көрсету және жөндеу туралы мәліметтер;
- тіркеу нөмірі.