"Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін": Жоғалған отбасы ісі бойынша жаңа дерек шықты

Бүгін, 09:55 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты қылмыстық істің жаңа мән-жайлары белгілі болды. Марқұмдардың туыстары жақындарының аман табылатынына соңғы уақытқа дейін үміттенгенін айтты, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, күдіктінің көрсетуімен құқық қорғау органдары оның қалада жалдап тұрған үйінің маңынан Наурыз бен Мейрамгүлдің сүйектерін қазып алған.

Алдын ала деректерге сәйкес, мәйіттер бірінің үстіне бірі тасталып көмілген болуы мүмкін. Бейресми ақпаратқа қарағанда, күдікті Наурызды жаз мезгілінде өлтіріп, жерлеген. Кейінірек сол жерге Мейрамгүлдің мәйітін көмген деген болжам бар.

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, Наурыз сол үйде қарындасы мен күйеу баласының жанында тұрған. Жақындары оны соңғы рет мамыр айында көргенін айтады.

"Ол тірі шығар деген үмітіміз болды. Бірақ "сүйегі табылды" деген хабарды естігенде бәрімізге өте ауыр тиді. Дегенмен сабыр етуден басқа амал жоқ. Күдікті ұсталды, ол өз қылмысын мойындап отыр. Енді марқұмдарды елге апарып жерлеп, жаназасын шығарамыз", – деді марқұм Мақсот Мұқанғалиевтың інісі Шалқар Мұқанғалиев.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы