Теміртауда майнинг фермасы тәркіленіп, 185 млн теңге өндірілді

Бүгін, 11:21 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында Теміртау қаласында цифрлық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу жұмыстарын ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді.

Э.Г. Толовов 2021 жылғы тамыздан бастап тиісті лицензиясыз жасырын криптоферма ұйымдастырған. 

Ол схеманы жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясынан 156 бірлік майнинг жабдығын сатып алып, оны өз өндірістік базасына орналастырған.

«Э.Г. Толовов өндірген цифрлық активтерін криптобиржадағы аккаунтында жинап, кейін оларды «BinancePool» және «Litecoinpool.org» майнинг пулдары арқылы сатқан. Сауда P2P-аударымдар арқылы, USDT-ны теңгеге айырбастау арқылы жүзеге асқан.  Жалпы өндірілген активтердің көлемі 11,2 BTC және 90,2 LTC құрайды, бұл шамамен 185 миллион теңгеге тең», - деп хабарлады ҚМА.

 Сот үкімі бойынша оған бір жылға бас бостандығынан айыру және барлық майнинг жабдығын конфискациялау түрінде жазалау тағайындалды. 

Сонымен қатар, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 185 миллион теңге қайтарылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Тэгтер:

криптовалюта Теміртау майнинг