Тоқаев жаңа Конституциядағы тіл мәртебесіне қатысты пікір білдірді

Бүгін, 15:25 / Қайсар Қалам
Сурет: Ақорда

Жаңа Конституция жобасында орыс тілінің мәртебесін төмендетіп жатыр-мыс деген күңкіл әңгімеге қатысты да осыны айтуға болады. Бұл жайында жазылған мақалаларды оқудың өзі қызық. Бұл туралы Президент барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президент жаңа Конституциядағы орыс тілінің мәртебесіне қатысты мақалаларда стилистикалық және грамматикалық қателер өте көп екенін айтты. Жарияланым авторлары орыс тілі үшін қам жейді, бірақ өздері оны дұрыс меңгермеген.

«Түптеп келгенде, жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде бірдей заңды күшке ие қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық. Осы орайда қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ. Жаңа Конституция жобасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп нақты жазылған», - деді президент. 

Оның айтуынша, ана тіліміз тек көркем әдебиетте ғана емес, еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласында кеңінен қолданылады. Ең маңыздысы, жастар арасында қазақша сөйлеу сәнге айналды. Басқаша айтқанда, қазақ тілінің болашағы жарқын. 

«Кейбіреулер тіл тағдырына алаңдаған кейіп танытып, бұл тақырыпты саяси құрал ретінде пайдаланады. Қазақ жастары жаңашылдыққа тез бейімделе алуымен ерекшеленеді. Олар қазақша мен орысшаны қоса алғанда, үш-төрт тілді еркін меңгереді. Мұны айналамыздан күнде көріп жүрміз», - деді Қ. Тоқаев.

Тэгтер:

президент конституция тіл мәртебесі