Иранда 3 миллионнан астам адам соғыс салдарынан үйлерін тастап кеткен

Бүгін, 10:07 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ пен Израиль тарапынан соғыс пен бомбалау басталғаннан бері Иранның 3,2 миллионға жуық тұрғыны үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мұндай мәліметтерді БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы келтіріп отыр.

«Алдын ала болжам бойынша, жалғасып жатқан қақтығыс салдарынан 600 мыңнан 1 миллионға дейін ирандық отбасы уақытша қоныс аударуға мәжбүр болды, бұл 3,2 миллионға жуық адамды құрайды», - деп мәлімдеді Аяки Ито.

Ұйымның ақпараты бойынша, халық Тегеран мен басқа да ірі қалалардан жаппай кетіп, ауылдық жерлер мен елдің солтүстік провинцияларына бой тасалауға тырысуда.

Соғыс қимылдары тоқтамай, гуманитарлық жағдай нашарлап бара жатқандықтан, қоныс аударғандар саны алдағы уақытта да арта түсуі мүмкін деп күтілуде.

Иранда жүрген босқындардың, әсіресе Ауғанстаннан келгендердің жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Олар ең қорғансыз топ болып саналады және олардың көмек алу мүмкіндігі өте шектеулі.
 

Тэгтер:

Иран баспана халық бұұ