Мақтаарал ауданындағы елдімекендерден топан су толық кетті – әкім орынбасары.
Мақтаарал ауданындағы елдімекендерден топан су толық кетті – әкім орынбасары

Мақтаарал ауданындағы елдімекендер қызыл судан арылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

“Қуанышты жаңалығыммен бөлісуге асығамын! Су Мақтаарал ауданындағы барлық елді мекендерден кетті. Әкімдік, су шаруашылығы мамандары, ТЖК, әскери қызметшілер мен Өзбекстан ТЖМ қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында Сардоба суын каналдар мен коллекторлар арнасына барынша қысқа мерзімде қайтарып, бейбіт өмірді қалпына келтіруге кірісті”, – деп жазды Сәкен Қалқаманов.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk