Нетаньяху: бүкіл Таяу Шығысты өзгертеміз

Бүгін, 11:30 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Израиль Премьер-министрі Иранның жаңа көшбасшысы Моджтаба Хаменеи туралы айта келе, «тосын сыйлар болады» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Біз ескі тиранның көзін жойдық. Ал жаңа тиран, жаңа марионетка жұрт алдына шыға алмайды», - деді Нетаньяху. 

Сондай-ақ ол егер сақтандыру агенті болса, Хаменеиге сақтандыру полисін бермейтінін айтты.

«Мен сіздерге бүкіл Таяу Шығысты  жауларымыз бен достарымыздың тұрғысынан алғанда  өзгертетінімізге және Израиль бұрынғыдан да әлдеқайда күшті болатынына уәде бергенмін. Қазір мұны барлығы, соның ішінде көршілеріміз де, жауларымыз да, достарымыз да мойындап отыр», - деп атап өтті премьер.

Ол «Иран халқының күш-жігерінсіз режимді құлату мүмкін емес» екенін және «егер режим құламаса, ол әлдеқайда әлсірейді, ал егер құласа, мәселе шешіледі» деп қосты.

Тэгтер:

Иран Израиль Таяу Шығыс Нетаньяху