Халықтың 70%-дан астамы салық реформасынан кейін шығыстарының артқанын мәлімдеді

Бүгін, 17:02 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Мұндай деректерді MediaNet халықаралық журналистика орталығы жанындағы DEMOSCOPE бюросының 5-15 ақпан аралығында жүргізген сауалнамасы көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зерттеу нәтижелері бойынша, респонденттердің 77,6%-ы 2026 жылдың қаңтарынан бастап шығындардың өскенін атап өткен. Оның ішінде 54,4%-ы шығыстардың айтарлықтай артқанын айтса, тағы 23,2%-ы шамалы көбейгенін алға тартады.

Бағаның өсуіне байланысты көптеген адамдар үнемдеуге көшкен. Көбінесе азық-түлік, киім-кешек, саяхат, дәмханалар мен ойын-сауық шығындары қысқартылуда.

Халық басты мәселе ретінде тауарлар мен қызметтердің қымбаттауын, сондай-ақ қаржылық тұрақтылыққа қатысты алаңдаушылықты атайды.

Шығынның артуы қазақстандықтарды біраз дүниені үнемдеуге мәжбүрледі. Бірінші кезекте азық-түліктен (44,5%), киім мен аяқ киімнен (36,1%), жеке көлікпен және таксимен жүруден  (28,3%) үнемдей бастаған.

Қазақстандықтар үнемдеуге мәжбүр болдық деп көрсеткен келесі салалар мынадай: 

Тағы 24,2%-і ештеңеден үнемдеп жүрген жоқпын деп жауап берген.

Тэгтер:

салық қымбатшылық шығын